Даниярдың әні (текст)

Мен едім елімді сағанған
Туған жер дәміне табынған
Келемін ұзақ жол алдымда
Махаббат күтемін ауылдан
Бар әнім сен, Жәмила
Арманым сен, Жәмила
Ардағым сен
Абзалым сен, қалқажаным
Жүректе көп сыр бар қайнаған
Армансыз өтетін қайда адам
Күніне жүз көрсем, Жәмила
Көзімнің жанары тоймаған
Бар әнім сен, Жәмила
Арманым сен, Жәмила
Ардағым сен
Абзалым сен, қалқажаным.

 

Сөзі: С.Сейтхазин

Әні: И.Жақанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: