Өңімде ме еді, түсімде ме еді
Көріп ем ғой бір армандай қызды
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз
Тулады толқын, шайқалды шың-кұз
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз
Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!
Оқ тиді келіп, қайратым кеміп
Барамын сөніп, келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз жаныма келіп
Талпына берді қайран жас көңілім!
Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін
Каһарын төгіп тұр долы соғыс
Арманым бар ма өлсем бір көріп
Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!
‘Келмейді өлгім, келмейді өлгім
Қайратым қайда, келші осындайда’
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім
Қолымда найза, шағылып айға
Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс
Келемін қайтып, өлеңімді айтып
Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!
Сөзі: Қ.Аманжолов
Әні: Қ.Аманжолов
Орындаушы: