Биік таудың басында бір топ шынар-ай,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар, еркем-ай.
Жатсам, тұрсам ойымнан бір кетпейсің,
Құмарланған көңілім қашан тынар, еркем-ай.
Дархан-ай,
Қош, есен бол, қалқам-ай.
Талға байлап күреңді мінген қандай,
Күліп, ойнап қалқамен жүрген қандай, еркем-ай.
Осы жолы аулыңа бармақ едім,
Бара алмадым, қайтейін, аулың шалғай, еркем-ай.
Дархан-ай,
Қош, есен бол, қалқам-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: