Дей салған сөз (текст)

Екі ауылдың ежелден арасы бір,
Өзара әзіліміз жарасып жүр.
Апырай, жөні қалай,
Дей салған сөзі-ай.

Кішкентайдан бірге өскен қимас қалқа,
Құрбыңа оқта-текте қарасып жүр.
Апырай, жөні қалай,
Дей салған сөзі-ай.

Жері тақыр жайлаудан ел кетеді,
Таппаған аттың бабын терлетеді.
Құрбылас деп өзіңе қолқа салдым,
Көңілімді аулай салсаң нең кетеді?!
Апырай, жөні қалай,
Дей салған сөзі-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: