Жылқыда сұлусынған қара ала аттай,
Мезгілсіз кеш болғанда жүрдім қатты-ай.
Алыстан әдейі іздеп келіп едім,
Сөзіңді естиін деп балдан тәтті-ай.
Домбыра екі ішекті қолға алдым,
Сол үшін он екі алуан әнге салдым.
Алыстан ат сабылтып келіп едім,
Ақ жүзін бір көрсем деп қалқажанның.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: