Деме сен (текст)

Әлдекім құсап дәурен сап,
Жүрмедім жайқап деме сен,
Қанағат, тоқтам, ар, нысап —
Қасиеттер ғой ең әсем.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.
Талқыға салса тіршілік,
Таршылық көрдім деме сен.
Қаламын ширап, құлшынып,
Өзің бір сүйеп демесең.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.
Ағаттық етсем кейде мен,
Ақылдан жұрдай деме сен.
Баяғы балғын бейнеңмен,
Жүздетіп күнде кеңесем.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.

 

Сөзі: Ө. Жайлауов

Әні: Н. Байкөзов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: