Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап, достарым.
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,
Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.
Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,
Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.
Десек те қанша баянсыз достан түңілді,
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,
Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер.
Сөзі: Х.Закариян
Әні: Көшеров
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=aIH6Schcxms