Егіз-лебіз (текст)

Көктемгі айым дейін сені,
Көктемгі қайың дейін сені.
Көзден ұшып жырақта жүрсең,
Шамшырағым, күнім дейін сені.
Әнші бағым, гүлім дейін сені,
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.

Қайырмасы:
Келші бағыңа,
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным.
Қоншы қолыма, арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным.
Келші бағыңа,
Қоншы қолыма.
Келші жаныма, кел.

Сағынғанда саялайын сені,
Аққуымдай аялайын сені.
Айдыныңда қалықта, жаным,
Бала қаздай мәпелейін сені.
Жаңа өмірге жетелейін сені,
Жаныма кел, жабықпа, жаным.

Қайырмасы:

Аппақ таңдай тілегім де өзің,
Алатаудай тірегім де өзің.
Жер бетінде қатар жүргенде,
Қол ұстасып бірге күн кешейік.
Қол ұстасып бірге үндесейік,
Атар таңға, батар күндерге.

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Арнау дуэті

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=pY3FG5J2efw