Ей, ахау (2-нұсқа) (текст)

Келеді жоғарыдан-ай, ой-оу, тайды мінген-ай,
Жүрмейді жота жолмен, ей, ахау, сайды білген-ай.
Өзіңе түсінер деп-ай, ой-оу, айтамын-ай-ау,
Баласы текті ауылдың, ей, ахау, жайды білген-ай.

Ұстадым жиренімді-ай, ой-оу, жиренімді-ай,
Кердің бе сұлу жирен, ей, ахау, мінгенімді-ай.
Қалқатай, ауыр болса, ой-оу, ойыңа алма-ай,
Мен айтамын көңілдегі, ей, ахау, түйгенімді-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: