Елім менің (текст)

Балғын өлкем — баулары маужыраған
Қырларында қызыл гүл жаудыраған
Аңқиды жұпар иісі кең даланың
Әр белден, әр төбеден, әр қиядан
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып
Аспанымда аққудың әні қалқып
Құшақтап бір өзіңді, туған далам
Жатамын көк шалғында жаным балқып
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным
Тасып жатқан өзендер жағасынан
Сары белде сағымдар арасынан
Тарайды дән жұпары бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным

 

Сөзі: С.Жиенбаев

Әні: М.Маңғытаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: