Еркем (текст)

Дүние опа болмайды пендесіне, ахоу,
Жан таң қалар жақсы аттың жем жесіне.
Еркем, еркем, еркем!
Айтқанменен жаманға сөз жетпейді, ахоу,
Құдай өзі салмаса зердесіне.
Еркем, еркем, еркем!

Қадірлесім, еркем,
Қадіріңе жетсем,
Еркем, еркем.

Су ағады арықтан шыр айналып ахоу,
Ер жігітке мал бітер бір айналып.
Еркем, еркем, еркем!
Оралыңның барында ойна да күл, ахоу,
Кім бар, кім жоқ келгенше жыл айналып.
Еркем, еркем, еркем!

Қадірлесім, еркем,
Қадіріңе жетсем,
Еркем, еркем.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: