Ерке қыз (текст)

Бірге өткенге тәтті ме
Арайланды ақ таңым
Басталады өзіңмен
Шаттығы мол шақтарым

Сенсіз өмір мұңды
Сүйем басқа кімді
Аппағым-ау аппағым
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай

Айтып сырды жарысын
Арнап әннің асылын
Жалт еткенде жанарың
Көңіл-көлдей, тасыдым

Сенсіз өмір мұңды
Сүйем басқа кімді
Ғашығым-ау ғашығым
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай

Күйіп-жанып өртеніп
Жүрек қылын шертемін
Сезім шіркін сел болып
Қош айтысып ерте біз

Сенсіз өмір мұңды
Сүйем басқа кімді
Ерке қыз-ау ерке қыз
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай

Жалған, жалған, жалған-ай
Бүгін бәрі арман-ай
Еліктірген мені ерке қыз
Елес болып қалғаны-ай
Ерке қыз-ау ерке қыз.

 

Сөзі: Т.Арынғали

Әні: М.Тоқашбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: