Жазда (текст)

Жаз болып зәрлі суық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп оңалғанда.
Сай-сайдан ағаш өсіп, жеміс пісіп,
Табылар тәтті тамақ оңайдан да.

Бүлдірген, тал қарақат теремін деп,
Сай-сайға қыз-қеліншек жоғалғанда.
Байтақта сүйгенімен жолығысбаққа,
Артынан бозбалалар барар сонда.