Жазира далам (текст)

Туған далам, асыл анам — ардағым
Дән-дәрия, гүл-жазира жан-жағым
Қырларыңда ақ сағыммен жарысып
Аспанында аққу болып шарладым
Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау — сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!
Алғаш рет қаздар ұшып жеткенде
Қараймын мен көз жеткісіз көк белге
Қалады ылғи менің жаным жадырап
Ақ жаңбырлар қырға төгіп өткенде
Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау — сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!
Туған далам, жері жомарт — дән-далам
Қырандары көк аспанға самғаған
Қазақстан — каһармандар елі деп
Атағыңа бас иеді бар ғалам
Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау — сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!

 

Сөзі: С.Жиенбаев

Әні: Б.Құрманғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: