Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде сарша тамыз,
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.
Әй, айым-ай, күнім-ай,
Айқай, жаздың күні майдай-ай!
Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек?
Әй, айым-ай, күнім-ай,
Айқай, жаздың күні майдай-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: