Жайлауға көшіп барады ел (текст)

Құшағын жайып шара көл,
Жайлауға көшіп барады ел.
Қайтарда, достым, мен үшін,
Бір иіскем жусан,
Бір иіскем жусан ала кел.

Құшағын жайып шара көл,
Жайлауға көшіп барады ел.
Қайтарда, достым, мен үшін,
Бір құты сағым,
Бір құты сағым ала кел.

Құшағын жайып шара көл,
Жайлауға көшіп барады ел.
Қайтарда, достым, мен үшін,
Бір жұтым бұлақ,
Бір жұтым бұлақ ала кел.

 

Сөзі: Қадыр Мырзалиев

Әні: Бексұлтан Байкенжеев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: