Қудым сені дүние-ай он жасымнан,
Денем ауыр тартады қорғасыннан-ай.
Су төгілмес боз жорға шау тартады,
Заман өтіп қартайса жорғасынан-ай.
Кидім қамзол қарадан қиылмаған,
Жылқым жатыр жапанда жиылмаған-ай.
Қыздан сорлы дүниеде жан бар ма екен,
Туған жерден топырақ бұйырмаған-ай.
Ақ түйенің өркеші молақ екен,
Ата-анаға қыз бала қонақ екен-ай.
Оң жағында әкенің той-тойладым,
Көрген қызық өмірде сол-ақ екен-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: