Жамал-ай (2-нұсқа) (текст)

Екі жағы дарияның тал мен жиде,
Тамағыма таққаным маржан түйме-ау, Жамал-ай.
Жастайымнан өзіңе болдым ғашық,
Шерменде ғып салдың ғой осы күйге-ау, Жамал-ай.

Кешкі соққан самалдай,
Жан тумайды Жамалдай.
Ынтықтықпен жүрмін мен
Маңайыңа бара алмай.

Ортасында дарияның борық тұрған,
Қара балық борықты сорып тұрған, Жамал-ай.
Аулыңның сыртынан жанай өттім.
Айналайын, құдайдан жолықтырған, Жамал-ай.

Кешкі соққан самалдай,
Жан тумайды Жамалдай.
Ынтықтықпен жүрмін мен
Маңайыңа бара алмай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: