Әуеліміз, жаным-ай, әуеліміз,
Күнде қызық тамаша жүргеніміз.
Жамал-ай,
Ғашық болдым Жамалға,
Мен шеніңе бара алмай.
Айт дегенде өлеңде тұрыс болмас,
Айтқан сөзім кітапта бұрыс болмас.
Жамал-ай,
Ғашық болдым Жамалға,
Мен шеніңе бара алмай.
Әуел айға, жаным-ай, әуел айға,
Бай баласы мінеді жорға тайға.
Жамал-ай,
Ғашық болдым Жамалға,
Мен шеніңе бара алмай.
Айтып жүрген кәдімгі өлең болса,
Мен өлеңді айтайын осындайда.
Жамал-ай,
Ғашық болдым Жамалға,
Мен шеніңе бара алмай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: