Жамбыл ата (текст)

Ей! Бұлбұлы заманымның ей, Жамбыл ата.
Тәтті әнге, асыл жырға даңғыл ата-ау.
Туған жер, өскен елдің арасында
Жырлаған тоқтамастан сан жыл ата.

Оу! Тарих орын берген-оу, асылдарға,
Сөнбейтін от-жалыны жасындарға.
Даңқыңыз, атағыңыз айтылмақшы,
Ұрпақтан ұрпақтарға, ғасырларға.

Жамбыл ата,
Жырлаған сан жыл, ата,
Риза бол ұрпақтарға,
Бергін бата, Жамбыл ата!

 

Сөзі: Зікірияұлы Әкімхан

Әні: Зікірияұлы Әкімхан

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: