Жан ана (текст)

Өзің бе едің бар мерейдің шоқтығы,
Көрмегелі талай-талай өтті күн.
Жиналғанда, артық қалып бір орын,
Батады екен арамызда жоқтығың.

Жан анам,
Жан анам,
Жүрегім аңсаған…
Сағыныш сазымен,
Әр таңды қарсы алам…
Жан анам,
Жан анам,
Жан анам!

Күн шуағы төгеді көзіңнен,
Бұл өмірде бақытымды сезінем.
Сағыныштың құшағында жүрсем де,
Әрқашан да ақыл табам өзіңнен.

Жан анам,
Жан анам,
Жүрегім аңсаған…
Сағыныш сазымен,
Әр таңды қарсы алам…
Жан анам,
Жан анам,
Жан анам!

 

Сөзі: Рахымжан Өтегенов

Әні: Кеңес Дүйсекеев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: