Жан аға (текст)

Оқуға келгенде қалаға
Өзіңмен тантыстым, жан аға
Сен қолдап, қияға қол создым
Кірмеді қыр қызы санаға

Есімде мазасыз таңдарым
Сарылып сан жылдар алдадым
Амал не сен күткен арманды
Көрінеу басқаға арнадым

Жан аға, жан аға, жан аға
Сен маған енді көз қадама
Менің де ұнатқан біреуім бар, аға, біреуім бар, жан аға

Өмірдің өрнегі арада
Өткен күн оралып соға ма?
Адаспай-ақ біліп жол тапсақ
Бақыттың бағасы — сол, аға
Жүректің жарлығын біл, аға
Бұйырма қыр қызын кінәға
Періште кездің куәсі боп
Қамқоршым болып жүр, аға

Жан аға, жан аға, жан аға
Сен маған енді көз қадама
Менің де ұнатқан біреуім бар, аға, біреуім бар, жан аға.

 

Сөзі: М.Қадырова

Әні: Ү.Тұқанұлы

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: