Ну орман, тау мен құз,
Жүрсем де қашық тым.
Тұрмын тек мен жалғыз,
Қалтқысыз ғашықпын.
Айналам мүлгіген,
Жадымнан шықпайсың.
Көз алмай дүрбіден,
Сырымды ұққайсың.
Сүйемін өзіңді, аңсайды жүрегім,
Бер жауап сөзіңді – сол менің тілегім,
Еліме сақшымын,
Қалқатай, қазір мен.
Сағындым, нақ шыным,
Күт мені әзірлен.
Махаббат Сіз еккен,
Жүректе гүлдеді.
Шекара күзеткен,
Жарым деп біл мені.
Отаным жайнаған,
Көп сұлу қыздары.
Солардан таңдаған,
Болшы сен, жан-жарым.
Сөзі: Е. Жұбанов
Әні: Ахмет Жұбанов
Орындаушы: