Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған,
Үміттің гүлін солдырма күнім, Аяулы арман.
Жаралдың кім үшін? Қай жанның гүлісің?
Көрдім де өзіңді,Тарылды тынысым.
Үмітім тілегім, Бір сен деп білемін,
Кеудеме сыймайды дүрсілдеп жүрегім.
Қайырмасы:
Жаным жаздай, сөзің балдай.
Қарай берем көзімді алмай.
Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған,
Үмітім гүлім солдырма күнім, Аяулы арман.
Қойсаңда күттіріп, тосамын тік тұрып,
Мөп мөлдір көздерің, неткен нұр тұп тұнық.
Сен бір гүл, мен бұлбұл, шалықтап нұрлайын.
Мәңгілік бақытым, тек сені жырлаймын.
Қайырмасы: (3 рет)
Жаным жаздай, сөзің балдай.
Қарай берем көзімді алмай.
Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған,
Үмітім гүлім солдырма күнім, Аяулы арман.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: Қайрат Нұртас & Даулет Болатов