Торыны жорғалатып мінген қандай,
Сыртынан қызды ауылдың жүрген қандай.
Болғанда ақшам мезгіл кеш құрымда
Үйіне ақ білектің кірген қандай.
Үйіне ақ білектің кірген қандай,
Ха-ля-ляй, ха-ля-ляй.
Қай мәуіт мына мәуіт, сары мәуіт,
Құрбыны сағынасың ауық-ауық.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Көйлектің ақ кіреуке бауын ағыт.
Көйлектің ақ кіреуке бауын ағыт,
Ха-ля-ляй, ха-ля-ляй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: