Жарқ етпе (текст)

Келмейді қайран шашым тарақтауға,
Орадым жібек оқа балақ бауға, ай!
Хабарын жан сәулемнің естіген соң,
Мен бардым күндік жерге қонақтауға, ай!

Байладым қара арғымақ керме ағашқа,
Жан құрбым, сіз дегенде жаным басқа, ай!
Ауылың алыстаса өмір өксіп,
Беріп кет алтын жүзік сағынбасқа, ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: