Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда Ай менен Күн шағылса да.
Дүниеде, сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жер менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да.
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табылса да.
Сөзі: Абай
Әні: Сыдық Мұхамеджанов
Орындаушы: