Жетісі келген жерім Қыбырай елі,
Алатау бөктерінде қонған жері.
Ақ басты Алатаудың құшағында,
Айнадай жарқыраған Ыстықкөлі.
Көрерсіз айды-ай,
Білерсіз жайды-ай.
Жас келін ән салудан жалықпайды-ай.
Жаңа жер, жаңа елге әнмен келдім,
Иіліп, тізе бүгіп, сәлем бердім.
Ұлықсат ағалардан алғаннан соң,
Жолымды құт болсын деп отауға ендім.
Көрерсіз айды-ай,
Білерсіз жайды-ай.
Жас келін ән салудан жалықпайды-ай.
Сағыңды сындырмайын, ақын аға,
Сөзіме ақын аға берсе баға?!
Ұлықсат үлкендерден алғаннан соң,
Қосайын тамашаны тамашаға.
Көрерсіз айды-ай,
Білерсіз жайды-ай.
Жас келін ән салудан жалықпайды-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: