Жауқазын (текст)

Ән салайық, келіңдер,
Жырдан моншақ теріңдер.
Көтерейік көңілді
Мың бұралып билеңдер.

Күй айналған бой баурап,
Бізбен қатар жүр ойнап.
Ортамызға жауқазын
Келді бүгін сый арнап.

Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.

Өнер өрге самғасын,
Жас қанатың талмасын.
Мерекеміз мерейлі
Қуанышпен жалғасып.

Қаймалаған халайық
Сайысқа ат салайық.
Жауқазынның бөбегін
Ортамызға салайық.

Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.

 

Сөзі: М. Мұсағитов

Әні: Қ. Сәтиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: