Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда,
Ұзын ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның неғылайын,
Тал шыбықтай бұралып сен тұрғанда.
Желбір жекен,
Желіп жүрген, жайлауда
Біз бір бөкен.
Айналайын қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде, балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай.
Желбір жекен,
Желіп жүрген, жайлауда
Біз бір бөкен.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: