Желдірме (текст)

Бұл өлең – бастамасы тамам сөздің,
Талайын кездестірер көрген көздің.
Ақ тамақ, алма мойын нәзігімсің,
Кезіміз айтысатын келді біздің.

Сырты алтын, тісі күміс тарағыңның,
Кірі жоқ ақ торғындай тамағыңның.
Сағынып қыз даусын жүргенімде,
Бір кезі келіп қалды-ау қарағымның.

Ей, сәулем, таңертеңгі сағымдайсың,
Көзімнің қарасы мен ағындайсың.
Сәулесі ақ тамақтың жарқ-жұрқ етіп,
Іздесем Ресейден табылмайсың.

Шаһарда егіп қойған сіз бір дарақ,
Көз салар көлеңкеңе әркім қарап.
Бейне бір пісіп тұрған алмадайсың,
Бақытына әлдекімнің өстің, шырақ?!

 

Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: