Желкілдек (текст)

Жылқымның мінсіз қара төбеліндей,
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей.
Шашың бар он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей.

Ақ бетің жарқырайды жұмыртқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай.

Боз үйден сен шығасың керіліп-ай,
Аяқты бір басуға ерініп-ай.
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен жанарыңның сөгіліп-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: