Жерім менің (текст)

Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай-саласы.
Туған жер, қасиетіңнен айналайын,
Таусылмас ұрпағымның қазынасы,
О — оу жерім менің!

Қайырмасы:

Бабамнан қалған кең далам,
Анам сенсін, мен – балаң.
Арым сенсің аялар,
Беу, кең далам, аманатым қорғаған.

Жетісу — жер жаннаты, ғажабың-ай,
Думанның Сарыарқам бар базарындай.
Арасы өр Алтай мен Атыраудың,
Жаратқан бұйыртыпты қазағыма,
О — оу жерім менің!

Орал мен қара Ертістің арасында,
Алатау, Көкшетаудың саясында.
Қазақтың көңіліндей кең даласын,
Қалдырған ата-баба баласына,
О — оу жерім менің!

 

Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Б.Тілеухан

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=bp_t8k2OjdU