Жетісудың қыздары-ай (текст)

Бақытты бай дала,
Шабытты қайда да,
Жетісудың аймағы-ай.
Бірі – қант, бірі – бал,
Өсірген бірі – мал,
Сарадай жыры бар,
Зылиқа, Күләштай,
Мәрия, Жұмаштай –
Жетісудың қыздары-ай!

Мыңғырған малға бай,
Жайлауы жанға жай,
Жетісудың аймағы-ай!
Құрақтай құлпырған,
Бұлақтай бұлқынған,
Көрген жан ұмтылған,
Сөздері сиқырлы,
Өздері сүйкімді –
Жетісудың қыздары-ай!

Көз тартқан көрікті,
Алмалы, өрікті,
Жетісудың аймағы-ай!
Гүлі боп өлкенің,
Өсірген өркенін,
Ерекше ерке бір,
Жұлдыздай жайнаған,
Бұлбұлдай сайраған –
Жетісудың қыздары-ай!

Балқыған баулары,
Тәкаппар таулары,
Жетісудың аймағы-ай!
Күлкісі қымбатты,
Әзілі тым тәтті,
Сүмбіл шаш, сымбатты,
Өң берген аянбай,
Жібек пен Баяндай –
Жетісудың қыздары-ай!

 

Сөзі: Абдрахман Асылбеков

Әні: Еркеғали Рахмадиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: