Жеңеше Бейсеуов (текст)

Шешек атқан көктемдегі гүл қандай,
Құлпырғаны – шұғыла шашар нұрдан бай.
Толған айдай толықсисың, жеңеше-ай,
Сол гүлменен бәсекеге тұрғандай.

Мейлі басқа елемесе, елесе-ау,
Сен ескерсең жетіп жатыр,
Жетіп жатыр, жеңеше-ау.

Мінезің бар бұлтсыз ашық аспандай,
Өмірің – жыр, жазылмаған дастандай.
Жаутаңдаған жанарыңа қараймын,
Еркелеген бауырыңша жасқанбай.

Мейлі басқа елемесе, елесе-ау,
Сен ескерсең жетіп жатыр,
Жетіп жатыр, жеңеше-ау.

Әніміз боп, сәніміз боп жүресің,
Құрбы ішінде ерек сенің үлесің.
Аңқылдаған қайыныңның қадірін,
Басқалардан артығырақ білесің!

Мейлі басқа елемесе, елесе-ау,
Сен ескерсең жетіп жатыр,
Жетіп жатыр, жеңеше-ау.

 

Сөзі: Есләм Зікібаев

Әні: Әсет Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: