Жеңіс (текст)

Шабыттың бағындырып әрбір таңымды
Үмітпен қуаныш кернейді жанымды
Уақыт келді жетер тұғырға
Ержүрегің екпін күш алар бойға

Алға қарай қадам бас
Төзіммен күш сарқылмас
Жеңіске жет алыспа
От жағып жан-жүрекке
Қолыңды соз биікке
Жігер, қайрат — намыста

Жаның тулап бойыңда бар қаның қызып
Мәреге жет бәйгені ал бағындырып
Кезің келді шықтың шыңына
Ат шаптырып еліңде жеңіс тойла

Алға қарай қадам бас
Төзіммен күш сарқылмас
Жеңіске жет алыспа
От жағып жан-жүрекке
Қолыңды соз биікке
Жігер, қайрат — намыста

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Ерболат Құдайбергенов

Видеоға сілтеме: