Жиырма бес, қош, аман бол, қайтып келмес,
Жастықты ойлағанмен қолға бермес.
Қасыңда қатын, балаң күл күзетіп,
Кәрілік ауру болды қолдан келмес.
Уа-хаха-ау, ой жалған,
Жиырма бес екі айналып
Келмес маған.
Жиырма бес тотыдайын толғайтұғын,
Қызыққа ертеңді-кеш тоймайтұғын.
Өң тозып, суалтты ғой бар тамырды,
Үміт жоқ жастық шақты ойлайтұғын.
Уа-хаха-ау, ой жалған,
Жиырма бес екі айналып
Келмес маған.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме: