Жорға тай (текст)

Шыңында өскен асқардың-ей сен бір шынар,
Бір көруге жүзіңді болдым құмар.

Дәй-дәй-дәй жорға тай,
Ақ бикеш манат-ай.
Қызылдан борлат-ай,
Айдай құрбым, заулатшы-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.

Дәй-дәй-дәй жорға тай,
Ақ бикеш манат-ай.
Қызылдан борлат-ай,
Айдай құрбым, заулатшы-ай.

Орта бойлы қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай.

Дәй-дәй-дәй жорға тай,
Ақ бикеш манат-ай.
Қызылдан борлат-ай,
Айдай құрбым, заулатшы-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады,
Басқа жанға көңілімді бұрармын ба-ай.

Дәй-дәй-дәй жорға тай,
Ақ бикеш манат-ай.
Қызылдан борлат-ай,
Айдай құрбым, заулатшы-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: