Жуан аяқ (текст)

Қолыма жігіттікпен алдым таяқ,
Жігіттер қосылдық қой өңшең саяқ,
Қараөткел базарына барып едік,
Қез болды томпақ ауыз, жуан аяқ.

Қайырмасы:
Өтті дәурен,
Кештік сайран,
Жігіттік дағуасына
Қалдық қайран.
Аспанда торғай шырылдайды,
Көкірек шіркін жырлайды.
Ел сағынып жүргенде,
Көзіңнің жасы тұрмайды.
Өз еліңдей болмайды.
Ахау, ой,
Өз еліңдей болмайды.

Боларсың сен де мендей, маған күлсең,
Салбырар екі алғың есек мінсең.
Ауызың күлмек түгіл, қисаяр ед,
Айырылып ел-жұртыңнан қаңғып жүрсең

Қайырмасы.