Жылқыда екеу едік сыбызғылы,
Салдырмас нелер күйге қыз қылығы-ай.
Көңілің шыныменен менде болса,
Терең сай үйдің арты тобылғылы-ай.
Қос күрең барар едім,
Аулың қайда.
Күнде ойын, гүлдей жайна,
Осындайда-ай.
Жылқыда екеу едік отардағы,
Көжеңді, ет асып бер, қотардағы-ай.
Мойныңды боз жорға аттай бұрып салып,
Қайтейін қылығыңды жатардағы-ай.
Қос күрең барар едім,
Аулың қайда.
Күнде ойын, гүлдей жайна,
Осындайда-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: