Қимаймын сені қайтемін, қалағаным,
Естелік болып қалады саған әнім.
Ұмытам енді өзіңді амалым жоқ,
Кешірші саған қош деуге жарамадым.
Қош бол жаным тағдыр солай, ұмыт мені,
Сені ұмыту болмас оңай,сүйем сені.
Бұл махаббатқа айтады кім өкпесін?
Жылама бәрібір жүректесің.
Тағы да атты көңілсіз суық таңым,
Көз алдымда тұр сүйкімді қылықтарың.
Көздерің қайда тұратын мөлдіреп?
Сүйемін сені соңғы рет ұмыт бәрін.
Қош бол жаным тағдыр солай, ұмыт мені,
Сені ұмыту болмас оңай,сүйем сені.
Бұл махаббатқа айтады кім өкпесін?
Жылама бәрібір жүректесің.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: Қанат Үмбетов