Жігіті біздің елдің сылқым сері-ай,
Күнде той, ойын-күлкі жүрген жері-ай.
Екі де бала замандасай,
Айында келіп хабарлас-ай.
Асыр сап құлын-тайдай ойнақтаған-ей,
Әркімнің өзіне ыстық туған жері-ай.
Екі де бала замандасай,
Айында келіп хабарлас-ай.
Ат жақсы арғымақтан шабыс болса-ей,
Жат жақсы ағайыннан таныс болса-ай.
Екі де бала замандасай,
Айында келіп хабарлас-ай.
Досың күліп, дұшпаның табалайды-ей,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса-ай.
Екі де бала замандасай,
Айында келіп хабарлас-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: