Зар заман (текст)

Уа, тәңірі құдыретіне таңқаламын.
Соңынан бір ғашықтың зарланамын.
Сыртым жоқ, ішім жалын болды менің,
Сыртыма шығаруға арланамын.

Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Суырылып ат шаба алмассабаған соң.
Жете алмай мұратыма мүшкіл халім,
Әуелде хақ тағала жазбаған соң.

Заман-ай, еркін қанат жайдырмайсың,
Не кедей, не белгілі бай қылмайсың.
Қызықтым отыз бесте дидарыңа,
Шалқар көл, шұқыр көлге қайырылмайсың.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса мал менен бас құралмаған.
Басыңа мың бір пәле жауса-дағы,
Жігіттер, үміт үзбе бір Алладан.

Жапанда жүрміз заулап ор киіктей,
Сағымдай ұшқан тозаң көзге ілікпей.
Я жақсы, жаман болсын жиырма бесте,
Кете ме жігіт адам бір желікпей.

 

Сөзі: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: