Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
Ахау!
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай.
Кешегі құм, шөл дала шаңырқанған,
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай.
Ахау!
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай.
Артель ұйым біріккен ұранды бір,
Сұлу қыздан есіткен бір терең сыр.
Ахау!
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай.
Ұмтыл алға, жас құрбым, жатпа қарап,
Елің үшін еңбек ет, ертемен тұр.
Ахау!
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: