Аулың көшіп барады қырдан асып,
Қырдан асқан бұлттармен араласып.
Арман-ай,
Өтті-ау дүние, жалған-ай.
Оралымның барында ойнайын деп,
Ғұмырыммен келемін жағаласып.
Арман-ай,
Өтті-ау дүние, жалған-ай.
Құрбым едің бірге өскен баяғыдан,
Туар ма екен, дүние-ай, ай оңынан.
Арман-ай,
Өтті-ау дүние, жалған-ай.
Оралымның барында ойнамасам,
Мерт боп кетер жастығым жай оғынан.
Арман-ай,
Өтті-ау дүние, жалған-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: