Басында көргенің оймақ тұрар,
Кедейлік ер жігітке қой бақтырар.
Алғаны ер жігіттің жақсы болса,
Бұралып, тал шыбықтай ойнап тұрар.
“Кел” дедім,
Келмедің,
Жаным-ау, саған не дедім?
Жарасқан желегіне қарқарасы,
Сұлуға әркімнің-ақ бар таласы,
Жігіттер, сұлуларға таласпағын,
Бұйырса, жаны сұлу жар табарсың.
“Кел” дедім,
Келмедің,
Жаным-ау, саған не дедім?
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: