Кешікпей келем деп ең текст

Аңсаған арманым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтейін кінәлап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Кешікпей келем деп ең.
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Кешікпей келем деп ең текст

Сөзі: М.Шаханов

Әні: Ш.Қалдаяқов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=q9mJxIiCFzU