Кешір мені (текст)

Сағынышым қонды алыс,
Жүрек толы толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Талай рет сезінген қымбат болар өзіңнен,
Ешкімім жоқ, ешкімім.

Қайырмасы:
Көктем көңіл бүр жарғанда,
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда,
Кешір мені кеш, күнім.

Бақытым боп тұр ма едің,
Мәңгі қатар жүрмедің.
Сенсіз жерде қуанып,
Сенсіз жерде күлмедім.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен
Бір жан жоғын білмедім.

Қайырмасы:

Шықтым талай жолға алыс,
Көңілде көп толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Жүрдемесін жанымыз,
Саған деген сағыныш
Қазір маған қорғаныш.

Қайырмасы:

 

Сөзі: И.Иса

Әні: Қ.Шілдебаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=jbGT4GZ4cBY