Кең өлкем (текст)

Ер қазақ егеменді ту ұстады,
Шалқыды күннен-күнге ырыс-бағы.
Жайқалтты дән теңізін Қазақстан –
Қазақтың ұлы отауы шығыстағы.
Тың өлкем, Ақ Жайық,
Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным!
Кенді Алтай, Үржарым,
Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным!
Құрышты Теміртау,
Жез қазған Қаратау,
Жер ұйығы кең өлкем менің!
Мұнайлы Маңғыстаудың түбегі бар,
Алтайдың алтын атқан жүрегі бар.
Қаспийдің қара бұйра толқынындай
Таусылмас Қарағанды көмірі бар.
Тың өлкем, Ақ Жайық,
Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным!
Кенді Алтай, Үржарым,
Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным!
Құрышты Теміртау,
Жез қазған Қаратау,
Жер ұйығы кең өлкем менің!
Жасарды кең өлкемнің топырағы,
Тау иіп, теңіз тасып толқыр әлі.
Құйылса көк құрышы Теміртаудың,
Қостанай қоймаға дән толтырады.
Тың өлкем, Ақ Жайық,
Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным!
Кенді Алтай, Үржарым,
Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным!
Құрышты Теміртау,
Жез қазған Қаратау,
Жер ұйығы кең өлкем менің!

 

Сөзі: Қ. Иманғалиев

Әні: Сұлтанғали Лұқпанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: