Кіші Ардақ (текст)

Ей, Ардақ!
Ат қайда Ақбақайдай ақсай желген?!
Қыз қайда Ардақжандай көзі күлген?!
Алыстан әдейі іздеп келгенімде,
Айттырмай ішкі сырды өзі білген.

Хали-ләли, ләли-ләли, ләлім-ай-ау,
Хали-ләли, ләли, ләлім-ай-ау,
Халиләм, ләйлім-ей-ау,

Ей, Ардақ!
Ат қайда Ақбақайдай жарысарға?
Ардаққа қолым создым алысарға.
Жайлауға ел қондырып, қозы сойып,
Күн бар маАрдақ қызбен табысарға!

 

Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: